Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының Сенат төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
04.06.2024 15:30
576
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық. Бүгінде Мысыр – Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі басты серіктестерінің бірі. Сындарлы саяси диалог жолға қойылды. Көптеген екіжақты шарт пен келісім жасалды. Осы қарқынды бәсеңдетпей, ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Сауда-экономикалық байланыстар екіжақты қарым-қатынастарымыздың басты негізі болуға тиіс. Бұған қос мемлекеттің әлеуеті толық жетеді, – деді Президент.
Әбделуахаб Әбделразеқ Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисидің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.
Біз екі ел арасындағы қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Бұл алға қойған мақсаттарымызды тиімді жүзеге асыру үшін жасалған дұрыс қадам деп есептеймін. Мысырлықтардың Қазақстанға деген құрметі мен ықыласы ерекше. Екі елді біріктіретін ортақ дүниелер көп. Жуық арада қос тарапқа да тиімді шаралар қабылданатынына сенімдімін, – деді Мысыр Сенатының спикері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау су тасқынының шарықтау шегінен өтті - ТЖД
Келесі жаңалық
Елімізде мемлекеттік архивтер саны 231-ге жетті