Мемлекет басшысы мемлекет және қоғам қайраткері Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
09.04.2025 21:38
Фото:
akorda.kz
Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Вера Сидорованың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Вера Васильевна ғибратты ғұмырында қатардағы агрономнан бастап Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы төрағасының міндетін атқарушыға дейінгі еңбек жолынан өтті. Ол қазақ даласындағы тың игеруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Вера Васильевнаны адамгершілік және өмірлік ұстанымына берік қасиеттері ерекшелеп тұратын. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде студенттерге көмек көрсетуі оның шын мәнінде патриот әрі әділдік үшін күресте тайсалмайтын тұлға екенін дәлелдейді, – деп жазылған жеделхатта.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

