Akorda.kz

Мемлекет басшысы Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

06.07.2024 21:47

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдап, иран халқының игілігі мен кемел келешегі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.