Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
Фото: Akorda.kz 31.01.2024 13:21 821

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мағзұм Мырзағалиев:

компанияның 2023 жылғы операциялық және қаржылық қызметінің қорытындысы туралы есеп берді;

Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту ісі жөнінде баяндады. Германияға және Әзербайжан бағытына «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры арқылы шикізат жеткізіле бастаған. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктестермен бірлесіп, танкер флотын кеңейту жұмыстары жүргізілген;

тауарлық газ өндірісін арттыру және ішкі нарыққа мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестиция тарту, мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жөніндегі айтты;

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» теңіз жобасы мен ұлттық компанияның геологиялық барлау бағдарламасының қалай жүріп жатқанын жеткізді;

«ҚазМұнайГаз» компаниясының кәсіпорындары орналасқан өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтты. «Астрахан – Маңғышлақ» магистральды су құбырын қайта жаңғырту жобасының аяқталғаны (I кезең) және Жаңаөзен қаласының қажеттілігі үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортының бағыттарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президент ұлттық компанияның мұнай-газ химиясын дамытуға бағытталған жұмысына ерекше мән беру қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға