Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
01.01.2026 17:02
Фото:
akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі, - деп жазылған Ақорда таратқан мәліметте.

