Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
30.06.2025 19:02
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста, Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

