Мемлекет басшысы Конго елінің Президентін шығарып салды
02.08.2024 21:00
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының Президентін елордадан шығарып салды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды. Конго Республикасы Президентінің елімізге ресми сапары Алматы қаласында жалғасады,-делінген Ақорда хабарламасында.

