Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
12.10.2024 12:01
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық серіктестік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын зор ризашылықпен атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы өзара тиімді ынтымақтастық екі ел халқының игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Испания Королінің барлық игі бастамасына толайым табыс, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

