Мемлекет басшысы Иран президентімен телефон арқылы сөйлесті
EL.KZ Информационно-познавательный портал
05.06.2025 14:41
Фото:
Ақорда
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.
Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

