Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтерлер форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтерлер форумында сөз сөйледі
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.06.2023 10:41 1144

Бүгін Халықаралық еріктілер форумының екінші күні. Іс-шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жиында сөз алған Мемлекет басшысы осы саладағы барлық бастаманы қолдайтынын атап өтті.

Мемлекет пен қоғамның серіктестігі өте маңызды. Кешеден бері еліміздің әр түкпірінен, шет елдерден еріктілер келіп отыр. Халықаралық ұйымдардың өкілдері, мәртебелі меймандар қатысып отыр. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Кешеден бері көп мәселе талқыланды. Жиынға қатысушылар ой-пікірлерін отаға салып, ұтымды ұсыныстар айтты. Тиімді жобалармен таныстырып, тәжірибелерін бөлісті. Мұның бәрі игі істерді жалғастыруға зор мүмкіндік береді, – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатқанын айтып, бұл бағытта мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалып жатқанын тілге тиек етті.

Мен өзім еріктілерді барынша қолдаймын. Сіздердің табанды жұмыстарыңызды барынша қолдаймын. Соңғы жылдары елімізде ауқымды реформалар қолға алынды. Тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыс табысты болуы үшін бүкіл қоғам атсалысуы керек. Осы орайда еріктілердің рөлі айрықша, – деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға