Мемлекет басшысы Германия президентін Ақордада қарсы алды
20.06.2023 10:14
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді.

Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қояды деп жоспарланған.

