Ақорда

Мемлекет басшысы Ердоғанды президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

29.05.2023 09:11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
 
– Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.