akorda.kz

Мемлекет басшысы еліміздің денсаулық сақтау министрін қабылдады

Мемлекет басшысына денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен алдағы кезеңге арналған перспективті міндеттері жөнінде баяндалды, хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Ақмарал Әлназарова қабылдау кезінде өткен жылы елімізде өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жеткенін атады.

Сондай-ақ, биылғы бірінші жартыжылдықта жалпы өлім-жітім 3 пайызға төмендгенін жеткізіп, былтыр алғаш рет ана мен бала өлімі ең аз көлемде тіркегенін баяндады. 

Президент қабылдауында министр алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігін арттыру, «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын жүзеге асыру, халықтың скринингтен өтуін жеңілдету бойынша мәлімет берді. Дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз ету және оның айналымын бақылауды күшейту шаралары жүргізіліп жатыр.

2024 жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы республикада – 19 пайызға, ауылдарда – 16 пайызға және орта буын медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі 7 пайызға азайған. Медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берілді. Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады. Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 миллион адам медициналық сақтандырумен қамтылады.

Мемлекет басшысы ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тиімді ету, аса маңызды дәрі-дәрмектердің отандық өндірісін дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ азаматтардың денсаулығын нығайту және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыру жөнінде тапсырма берді.