Мемлекет басшысы: Екі ел арасындағы тауар айналымы 4 миллиард доллардан асады
15.11.2025 14:13
Фото:
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты қарым-қатынасты жаңа сапалы деңгейге көтеруге және әлемнің Орталық Азияны достық пен бірліктің аймағы ретінде тануына үлкен үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
– Президент Мирзиёевтің қуатты басшылығымен Өзбекстан көптеген салада тамаша жетістіктерге жетті, дүние жүзіне табысты дамып келе жатқан ел ретінде танылды. Ауқымды реформалардың нәтижесі орнықты экономикалық өсімнен, халықтың әл-ауқатының артуынан, қалалардағы қарқынды өзгерістерден және қоғамның барлық бағытындағы сапалы дамудан көрінеді. Өзбекстан әлемдік аренадағы өзінің орнын нығайтып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосты. Қазақстандықтар бауырлас өзбек халқына шынайы қолдау көрсетіп, жетістіктеріне қуанады, – деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстан мен Өзбекстан тұтас аймақтың дамуын көздейтін өңірлік берік стратегиялық альянс қалыптастырғанын айтты. Сондай-ақ келіссөздер барысында екіжақты күн тәртібінің кең көлемді мәселелері талқыланып, елдеріміздің сан қырлы ықпалдастығын одан әрі дамытудың басымдықтары белгіленгеніне тоқталды.
– Негізгі қорытынды – өзара уағдаластықтар және стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту мен тереңдетуге күш салу. Ортақ мақсатқа қол жеткізуде екіжақты сауданың орны ерекше. Кейінгі кезеңде екі ел арасындағы тауар айналымының жыл сайынғы көлемі тұрақты түрде 4 миллиард доллардан аса қаржыны құрайды. Бұл – үкіметтеріміздің дәйекті жұмысы мен бизнестің тікелей диалогының нәтижесі. Дегенмен сауда-саттықты арттыруға әлі де айтарлықтай әлеует бар, – деді ол.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

