Ақорда

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Ол ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Айта кетейік, бұған дейін Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымында болған Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды,
ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.