Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді

Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді
Фото: Ақорда 08.06.2023 09:37 593

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Форумда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және басқа да спикерлер сөз сөйлейді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтеді.

Бұдан бөлек Президент:

– Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен;
– Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен;
– Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен;
– Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен;
– Citigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен;
– ENI компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен бірқатар кездесу өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға