Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
17.08.2022 13:52
974
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады. Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға