Мемлекет басшысы Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды
19.04.2024 11:39
Фото:
Ақорда
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.


Суреттер: Ақорда
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Сурет: Ақорда
Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылмақ.
18 сәуірде мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қырғызстан президентін елорда әуежайынан қарсы алғаны туралы жазғанбыз.

