Мемлекет басшысы Албания президентін Ақордада қарсы алды
07.09.2023 11:02
Фото:
Akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Албания президенті Байрам Бегай Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президент Байрам Бегайды Ақордада ресми қарсы алды. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізбек.
Сондай-ақ президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмаспақ.

