Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.04.2024 11:36 480

Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Артур Ластаев: 

аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді;

былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп екенін айтты;

Ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндады:

атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген;

азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан аса ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалған;

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға