Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты

Бұл туралы Ақордадан мәлім етті
Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты
Фото: Ақорда 16.01.2023 15:14 1417

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Саммиттің мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және Климаттың өзгеру мәселелері жөніндегі БҰҰ 28-конференциясына (COP28) тың серпін беру.

Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ангола Президенті Жуан Лоренсу, Мысыр Сыртқы істер министрі, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ «COP27» конференциясы сессиясының 27-президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға