Мемлекет басшысы 25 маусымда Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
24.06.2023 22:43
1147
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысына премьер-министр, күштік құрылым басшылары Ресейдегі қалыптасқан жағдайға байланысты берілген тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп береді.
Жиында көрші достас мемлекеттегі ахуалдың Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігіне және еліміздің экономикасына тигізетін ықтимал теріс салдарының алдын алу мақсатында шұғыл іс-қимыл жоспары қабылданады деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ресейде әуе билеттерінің бағасы бірнеше есе өсіп кетті
Келесі жаңалық
Баланы кітап оқуға қалай қызықтырамыз?