Жаңалықтар

Мектептегі кикілжіңнен кейін 3-қабаттан секірген оқушының жағдайы белгілі болды

Мектептегі кикілжіңнен кейін 3-қабаттан секірген оқушының жағдайы белгілі болды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 04.03.2024 11:02 1155

Түркістан облысы Келес ауданында оқушылар арасында орын алған кикілжіңнен кейін 8-сынып оқушысы 3 қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қазір жасөспірім қыз ауруханада жатыр. Оқиға салдарынан оның жамбас сүйегі сынып, жабық бас ми жарақатын алған.

Оtyrar.kz-тің мәліметінше, мектеп әкімшілігі қыз мұндай жағдайға оқушылар арасында орын алған кикілжіңнен кейін барған болуы мүмкін екенін айтады.

Жасөспірім қызға тез арада алғашқы көмек көрсетіліп, Абай ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер тексеру барысында бас миының жабық жарақаты мен жамбас сүйегінің сынғанын анықтаған. Қазір науқастың беті бері қарап, ол палатаға шығарылды. Компьютерлік томография, рентгендік тексеріс жүргізіп, бас миының жабық жарақаты, бірінші бел омыртқасының жабық сынығы, жамбас сүйегінің сынығы анықталды. Протоколға сәйкес емдеу жүргізілді. Жағдайының жақсаруына байланысты бірінші ауысымда травматология бөліміне ауыстырылды.

Қазір іс «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша тіркеліп, тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 105 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады, – дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға