Жаңалықтар

Мектепте оқитын қыздардың пәктігі тексеріліп жатыр

Мектепте оқитын қыздардың пәктігі тексеріліп жатыр
Фото: © Kandinsky 13.02.2024 11:15 3570

Түрікменстанның батысында оқушы қыздардың пәктікті анықтайтын тексерістен өтуге мәжбүрлеп жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шара моральдық ұстанымдарын бағалау және жасөспірімдер жүктілігіне жол бермеу үшін жасаланып жатқан көрінеді.

Гинекологтар бұл тексеріске билік мектеп оқушыларының немесе олардың ата-анасының келісімін сұрамаған. 

Түркіменбашы, Балқанабад қалаларында 9-11 сынып оқушыларын гинекологтың тексеруінен өтуге мәжбүрлеп жатыр. Тексеріс кезінде жыныстық қатынасқа түскені анықталған қыздардың тізімі жергілікті полиция басқармасы мен ұлттық қауіпсіздік министрлігіне жіберіледі, — дейді анонимді түрде сұхбат берген білім қызметкері.

Білім саласындағы басқа қызметкерлердің айтуынша, полиция тізімге ілінген қыздардың телефонын тексеріп, олардың кіммен жыныстық қатынасқа түскенін анықтауға тырысады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл шара кәмелетке толмаған балалармен жыныстық қатынасқа түскен адамдарды жауапқа тарту үшін ұйымдастырылып жатқанын айтты.

Әйел құқығын қорғаушылар мұндай тексерістер ақылға сыймайтынын, жас қыздардың пәктігін растау олардың ар-намысын қорлайтын шара екенін айтады. Құқық қорғаушылар бұл тәжірибеден бас тартуға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға