Жаңалықтар

«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол» акциясы
18.08.2018 06:27 1410

 

Ү.ж. 16 тамызында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-і Республикалық «Мектепке жол» акциясына өзінің үлестерін қосты.

Іс-шараға Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н. Барбосынов, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ш. Жолдасбаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: аз қамтылған көп балалы отбасыларының балаларына жаңа оқу жылының басында көмек көрсету болып табылады.

Облысымызда тамыз айында «Менің таңдауым – балаларға көмек беру» деген ұранмен бастау алған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктері де атсалысуда.

Осы орайда «Мектепке жол» атауымен өткен іс-шара барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, соның ішінде этномәдени бірлестіктердің көмегінің арқасында аз қамтылған, көп балалы әртүрлі ұлт өкілдерінің балаларына 620 000 теңге көлемінде мектепке қажетті оқу құралдары, киім-кешектері, аяқ-киім, сөмкелері табысталды.

Акция барысында көмек берілген оқушыларды «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, кәсіпкер Ш. Жолдасбаев құттықтап, алдағы оқу жылында оқушыларға сәттіліктерге жетуге тілек білдірді. Іс-шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ оқушыларға арналған концерттік бағдарламасын ұсынды.

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға