Жаңалықтар

Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттарға өзгеріс енгізілді

Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттарға өзгеріс енгізілді
Фото: dknews.kz 21.02.2023 12:38 1578

«Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту туралы мәселелер қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отырыста ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева Оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте жастан дамытуға бағытталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін енгізгенін айтты.

«Модель баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оның бойында қалыптасатын қасиеттерді анықтайды. Ата-аналар мен балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне тартуға көп көңіл бөлінеді. 2022 жылғы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін 9 нормативтік құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», - деді Наталья Васильевна.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты сапалы білім беру қызметін ұсыну. Қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарды ашу басым бағыт болып табылады.

«Республикада қазақ тілінде оқытатын 70 пайызға жуық мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. 2022 жылдан бастап тәрбиелеу, білім беру процесіне барлық жастағы топтарға қазақ тілін үйрету бойынша талаптар енгізілді», - дейді Наталья Жұмаділдаева.

Бүгінде елімізде 11104 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Ол жерде қызмет ететін тәрбиешілердің саны 1 115 000-нан асады.

«Балабақшаларда, мектепке дейінгі оқыту топтарында 337 мың балаға арналған дайындық сабақтары өткізіледі. Бұл мектепке дейінгі даярлық жұмыстың 96 пайызын құрайды», - деді Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға