Мектепке арналған сөмкені қалай дұрыс таңдау керек?
Жаңа оқу жылы қарсаңында мамандар ата-аналарға баланың денсаулығын сақтау үшін мектеп сөмкесін дұрыс таңдаудың маңыздылығын ескертеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, оқушы сөмкесінің салмағы мынадай болуы тиіс:
-
1–3 сынып — 2 кг-ға дейін
-
4–5 сынып — 2,5 кг-ға дейін
-
6–7 сынып — 3,5 кг-ға дейін
-
8–11 сынып — 4,5 кг-ға дейін
Жалпы салмақ баланың дене салмағының 10%-нан аспауы керек.
Сөмке таңдауда назар аударатын негізгі талаптар:
-
кең әрі жұмсақ төсемі бар белдіктер;
-
ортопедиялық арқалық;
-
жеңіл, су өткізбейтін материал;
-
міндетті түрде жарық шағылыстырғыш элементтер.
Ата-аналарға ұсыныстар:
-
сөмкені күн сайын тексеріп, артық заттарды алып тастаңыз;
-
балаңызды сөмкені екі иыққа тағып жүруге үйретіңіз;
-
егер салмақ шамадан тыс ауыр болса, мұғаліммен келісіп, кейбір кітаптарды мектепте қалдыруға мүмкіндік жасаңыз.
Баланың болашақтағы денсаулығы мен дұрыс дене бітімі ата-ананың бүгінгі таңдаған сөмкесіне тікелей байланысты.

