Жаңалықтар

Мектеп формасына қатысты талаптар өзгерді

Фото: zhaikpress.kz
Мектеп формасына қатысты талаптар өзгерді
07.06.2022 14:26 53327

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова оқушылардың міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz

«Баланы мектепте дайындауда ата-ананы толғандыратын мәселелердің бірі — мектеп формасы. Көптеген ата-ана мектеп формасын сапалы әрі қолжетімді бағамен сатып алғысы келеді. Бүгінгі таңда міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіліп, бұйрық жобасы дайындалды. Ата-ана өзі қалаған мектеп формасын еркін таңдай алады. Барлық өңірдегі білім басқармалары мен бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын таңдауда бірыңғай түсті ұсынады», - деді Гүлмира Кәрімова.

Оның айтуынша, мектеп формасы баланың тәрбиесіне зор әсер етеді.

«Мектеп формасына эмблемадан басқа да мектеп белгілерін жапсыруға болады. Сапалы әрі қолжетімді мектеп формасымен қамтамасыз етудегі жаңа тәсіл оқушылар арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де айырмашылықтарды жояды деп үміттенеміз», - деп қосты БҒМ өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға