Жаңалықтар

«Мектеп директоры күйеуін өлтірді»: Астана полициясы тергеу қорытындысын айтты

«Мектеп директоры күйеуін өлтірді»: Астана полициясы тергеу қорытындысын айтты
Фото: © Polisia.kz 17.08.2023 09:44 1586

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада ақпанда болған кісі өлтіру оқиғасын тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты Астана қаласының Полиция департаменті Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы – «Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына» байланысты тоқтатылғанын хабарлады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес «Соталды тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» бойынша аталған қылмыстық іс бойынша басқа мәліметтерді ұсыну мүмкін еместігін атап өтті.

Естеріңізде болса, 26 ақпанда елорда полициясына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, әйелдің пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Әйел Астанадағы мектептердің бірінің директоры болып шықты, ал марқұм, БАҚ-та жарияланғандай, оның күйеуі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға