Мексикадағы ең қауіпті жанартау күл шаша бастады
20.11.2023 05:28
Фото:
Видеодан алынған кадр
Мексикада Попокатепетль жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жанартау ел астанасы Мехико қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.
Табиғи апаттарды жою ұлттық орталығының мәліметінше, жанартаудан биіктігі 6 шақырым от пен күл атқыланған.
Попокатепетль (ацтектерін тілінде - «түтін тауы») - елдегі көлемі жағынан екінші үлкен жанартау.

