Мексикада бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болды. Табиғи апаттан 64 адам қаза тауып, тағы 65 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Australian Broadcasting Corporation мәліметінше, өткен аптада нөсер жауын Мексика шығанағының жағалауы мен елдің орталық аймақтарында жауған. Соның салдарынан су тасқыны жүріп, елдің бірнеше өңірі ауыр зардап шекті.
Біз мұндай жауын-шашынды күтпеген едік, – деді Мексика президенті Клаудия Шейнбаум.
Апаттан барлығы бес штат зардап шеккен. Ең ауыр жағдай Веракрус және Идальго өңірлерінде тіркелді:
Веракруста 29 адам қаза тауып, 18 адам жоғалған;
Идальгода 21 адам мерт болып, 43 тұрғын іздестіріліп жатыр.
Rescue teams, including 8,700 military personnel, are working to save at least 65 missing people after torrential rain triggered deadly floods at 150 locations in Mexico. At least 64 residents are confirmed dead, according to official figures #Mexico #Floods #RescueTeam #Rain… pic.twitter.com/J3UYR6lcFv
— CNBC-TV18 (@CNBCTV18News) October 15, 2025
Бұдан бөлек, Пуэбла штатында кемінде 13 адам, ал Керетарода көшкін салдарынан бір бала көз жұмған.
Нөсер мен тасқын шамамен 100 мыңнан астам үйге залал келтірген. Көпірлер мен жолдар қирап, кейбір көшелер лай өзеніне айналған.
Қазіргі таңда апат аймақтарында құтқарушылар мен 8 700 әскери қызметкер жұмыс істеп жатыр.

