Мекке мен Мединені су басты
07.01.2025 16:04
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Сауд Арабиясының қалаларын, соның ішінде қасиетті Мекке мен Мединені су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Мекке, Медине және Жидда қалаларын су басты. Жауын Медине қаласында көп жауған.
Бұл қалаларда түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарай бастады. Видеода жолдар мен адамдар жүретін алаңдарды жаңбырдың суы басып қалғанын көруге болады.
Сауд Арабиясының метеорологиялық басқармасы су басқан қалаларда қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Жидда әуежайы ауа райына байланысты жолаушылардан рейстерді тексеріп отыруды сұрады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

