«Самұрық-Қазына» Қорының баспасөз қызметі

Медициналық пойыз бір аптада 2770 науқасты қабылдады

27.07.2023 02:30

25 шілде мен 9 тамыз аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысының сегіз станциясында тоқтайды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

  • Аршалы ауданы – 25 шілде (келу уақыты – 02.44)
  • Көкпекті ауылы – 27 шілде (келу уақыты – 01.36)
  • Ащысу ауылы – 28 шілде (келу уақыты –  01.52)
  • Бүркітті ауылы – 30 шілде (келу уақыты –  04.42)
  • Босаға ауылы – 1 тамыз (келу уақыты –  09.55)
  • Киікті ауылы – 2 тамыз (келу уақыты –  22.36)
  • Көктіңкөлі ауылы – 5 тамыз (келу уақыты –  02.01)
  • Рзд 69 км – 7 тамыз (келу уақыты –  00.05)

Дәрігерлер тұрғындарды сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (13.00-14.00 аралығы – түскі үзіліс) дейін қабылдайды.

Кейінгі аптада медпойыз 2770 науқасты қабылдап үлгерді.