Медициналық мекемеден қашқан қылмыскер ұсталды
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Қарағандыда медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азамат табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ауруханадан қашқан сотталған азамат қаладағы гараждардың бірінің маңынан ұсталды. Ол полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, - делінген Polisia.kz мәліметінде.
Айта кетейік, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 35 жастағы батысқазақстандық азаматтың қашып кеткені туралы жазған едік.

