Жаңалықтар

Медициналық мамандықтарға түсетіндер психометриялық емтихан тапсырады

Медициналық мамандықтарға түсетіндер психометриялық емтихан тапсырады
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 25.07.2023 22:31 743

Мемлекеттік мекемелердің 8-11 сыныптар арасындағы психометриялық емтихан тапсыруға және оны білім бағдарламасына іске қосуға қатысты депутаттық сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, медициналық мамандықтар бойынша психометриялық емтихан тапсыру рәсімі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен регламенттеледі. Психометриялық емтиханның негізгі мақсаты – аналитикалық қабілеттерін, тез әрекет ету және мәселелерді шешу қабілетін бағалау. Бүгінгі таңда университеттердің академиялық саясатына сәйкес талапкерлердің өз қалауы бойынша оны онлайн және офлайн форматта тапсыруға мүмкіндігі бар. Болашақ медицина қызметкері ретінде талапкердің жеке басының моральдық-этикалық және жеке психологиялық қасиеттерін бағалау мақсатында психометриялық емтихан тапсыру рәсімі орынды деп пайымдаймыз, - деді ол.

Министрдің айтуынша, оқушыларды, оның ішінде 8-11 сынып оқушыларын кәсіптік бағдарлауды жүргізу мәселелері «Білім туралы» Заңмен (1 және 16-баптар) және заңға тәуелді актілермен реттелген.

Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдарлау жұмысын дамытудың 2023 – 2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын және тиісті жол картасын әзірледі, онда кәсіптік бағдарлау жұмысын дамыту, атап айтқанда, оны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы мәселелерді жүйелі шешу көзделген. 10-11 сынып оқушылары ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес («Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы») «Таңдау пәндері» тізбесінен оқу пәндерін таңдауға құқылы, - деді Тамара Дүйсенова.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде пән мұғалімдері бағдарламалық тақырыптарды зерделеу кезінде, оның ішінде кәсіпорындарға экскурсиялар, мамандармен кездесулер өткізеді.

Медициналық жоғары оқу орындары («С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ, «Астана медицина университеті» КеАҚ, «Семей медицина университеті» КеАҚ, «Қазақстан-Ресей медицина университеті» МеББМ, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ) қабылдау комиссияларының жұмысы кезеңінде кәсіптік бағдар беру мақсатында ашық есік күндерін, мамандардың мектептерге баруын өткізеді, онда оқушылар оқыту бағдарламасымен және практиканың болжамды базасымен таныса алады. Сонымен қатар арнайы және көпбейінді мамандар өздері таңдаған мамандықтағы жетістіктерімен табысын таныстыру үшін тартылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Үкіметтің бақылауында, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға