Жаңалықтар

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі қалай болып жатыр?

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі қалай болып жатыр?
Фото: © El.kz 31.08.2023 13:00 2480

Үкімет басышысы Әлихан Смайылов Мәжілісте мемлекет басшысы жолдауының жүзеге асырылу барысы туралы өтіп жатқан кеңейтілген отырыста денсаулық сақтау саласына тоқталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері ерекше бақылауда. Неврологиялық аурулары бар балаларды оңалтуды қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Бүгінгі таңда 55 медициналық ұйым осындай қызмет түрлерін көрсетеді. Оның 27-сі соңғы 2 жылда ашылған.   Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін резидентурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70 пайызға ұлғайды. Ол биылғы жылы 1000 грантқа көбейді.   Соңғы 3 жылда медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге республикалық бюджеттен 805 миллиард теңге бөлінді, - деді ол.

Ол сондай-ақ биыл «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталғанын айтты.

Ұлттық жоба аясында 655 бастапқы денсаулық сақтау нысаны салынып, 32 ауданаралық аурухана жаңғыртылады. Бұл 4 миллионнан астам ауыл тұрғындарын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жоспарланған 8 облыстық көпсалалы және университеттік клиниканың екеуінің құрылысы басталды, - деді ол.

Премьер-министр BIGPHARMA ТОП-50 қатарына кіретін ірі әлемдік фарминдустриямен ынтымақтастықты нығайту отандық өндірісті дамытуға қуатты серпін бергенін тілге тиек етті.

Мысалы, «Pfizer» және «Roshe» компанияларымен Қазақстанда препараттар өндірісін ашу бойынша келісімдерге қол қойылды. Мемлекеттік қолдау шеңберінде қазіргі уақытта 36 отандық тауар өндірушілермен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізу бойынша 98 ұзақ мерзімді келісімшарт бар. Биыл сатып алынған 1,6 мың дәрілік заттың 947 позициясын немесе 61%-ін отандық фармацевтикалық компаниялар өндірді, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға