Жаңалықтар

Медициналық қызметкерлерге қатысты шағымдары бар оралдықтар бұдан былай медиатордың көмегіне жүгіне алады

Медициналық қызметкерлерге қатысты шағымдары бар оралдықтар бұдан былай медиатордың көмегіне жүгіне алады
11.04.2019 10:26 2403

Медиация кабинеттерін медициналық мекемелерде құру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Мұндай кабинеттер медицина саласындағы даулар мен жанжалдарды шешу мақсатында ашылып отыр. Көп жағдайларда науқастар мен медицина қызметкерлері арасында даулар пайда бола қалған жағдайда сәйкесінше шағымдар пайда болып отырады. Сонымен қатар дәрігерлердің өзара шиеленістері де жиі кездесіп тұрады. Медиация кабинеттерінің жұмысы дәл осындай мәселелердің алдын алуға бағытталған. Медиация жұмысының мақсаты медициналық мекемелерде дау-дамайларды сотқа дейін  шешу. Бұдан былай медициналық қызметкерлерге қатысты шағымдары бар науқастар медиаторға дереу хабарласуына мүмкіндіктері бар.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында жасалған меморандумды іске асыру мақсатында Орал қаласының №1 емханасында медиация кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Дәрігерлік клиниканың  науқасты  қолдау қызметінің дәрігер-сарапшысы  Гүлнар Кабдрахимова емхананың  медиаторы болып бекітілді.

№1 емхананың  директоры Светлана Ермекқалиева емхананы медиаторларларға  таныстырды. №1 емхананың  медициналық қызметкерлері мен науқастарына медиацияның тәртіп  кезеңдері  таныстырылды.  Даярлықтың алдын алу және сотқа дейінгі реттеу үшін қаланың басқа медициналық мекемелерінде медиация кабинеттерін ашу бойынша дайындық жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға