Медиация мектептегі білім беру жүйесінде
Медиация – үшінші бейтарап риясыз тарап – медиатор (делдал) көмегімен дауды соттан тыс шешу нысаны. Медиация рәсімі кезінде жанжалға қатысатын тараптар медиатордың тәжірибесіне, білімі мен ептілігіне сүйеніп, өзара тиімді шешімге келеді.
Бүгінгі таңда медиацияның қоғамдағы құқықтық жүйенің маңызды бөлігіне айналғаны анық байқалады. Бұған медиация кабинетіне түскен өтініштердің көбеюі мен шешілген жанжалдардың саны дәлел.
2016 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанында медиация кабинеті ашылды, оның алғашқы және бүгінгі басшысы заң ғылымдарының кандидаты Гүлбақша Мұсабаева болып табылады.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинеті бейбіт жолмен даулы жағдайларды шешу мақсатында қоғамның барлық саласында медиация институтын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
Өңірде медиацияны дамытудың маңызды бағытының бірі мектеп медиациясы болып келеді. 2018 жылғы 22 ақпанда Достық үйінде Петропавл қаласы жалпы білім беретін мектептері директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарларына, әлеуметтік педдагогтеріне, психологтеріне ұйымдастырылған «Медиация мектептегі білім беру жүйесінде» атты өңірлік семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты медиация негіздерін үйрету, сондай-ақ мектептер негізінде медиативті технологияларды қолданудың оң тәжірибесін көрсету болды.
Семинар аясында алғы сөзді Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбақша Мұсабаева бастады. Ол медиация кабинеті қызметінің негізгі бағыттарын сипаттап, бітістіру рәсімдері негізінде мәселелерді шешудегі медиация институтының рөлі мен мәні жайында баяндады.
«О необходимости создания школьной службы примирения: вопросы теории и практики» атты баяндамамен № 9 орта мектептің педагог-психологі Татьяна Попова сөз сөйледі, ол мектеп медиациясын тәрбие үдерісіне енгізу жайында айтты. Осы мектеп негізінде бітістіру қызметі жұмыс істейді, ол келіссөздер жүргізу, диалог алаңын құру арқылы ішкі жанжалдарды шешумен айналысады.
№ 4 орта мектептің әлеуметтік педагогі Марина Коваленко «Социальные конфликты в школьной среде и как их разрешить с помощью применения медиации» атты баяндамасында медиативті технологияларды мектепте енгізу бойынша тәжірибелік мысалдар келтірді. Негізгі медиативті амалдар арқылы бөтен тұлғалардың араласуынсыз жанжалдар шешілді. Тараптардың татуласу қорытындысы бойынша шарт жасалады, оған сәйкес бір-біріне деген наразылықтың жоқтығы расталады.
Полиция майоры, Петропавл қ. ІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы Әсемгүл Дәуенова «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы аясында өткізілетін профилактикалық іс-шаралар жайында сөз қылды.
Іс-шараның екінші бөлігі бейнероликтер көру мен тапсырмалар орындау арқылы тренинг түрінде өтті. Семинарға қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап берді: «Медиация дегеніміз не?», «Медиация нені үнемдеуге мүмкінік береді?», «Медиация несімен тиімді?».
Бейнероликтер қоғамда орын алған шынайы өмірлік жағдайларды қамтыды. Қатысушыларға командаларға бөлініп, жағдайларды талдап шығу, жанжалдың мәні мен себебін анықтау, сондай-ақ дауды шешудің ықтимал нұсқаларын ұсыну қажет еді.
Іс-шара соңында барлық қатысушылар «Медиация мектептегі білім беру жүйесінде» атты семинар-тренинг аясында оқытуды өткені үшін сертификаттармен марапатталды.