Жаңалықтар

Медиация бойынша семинар

Медиация бойынша семинар
07.02.2018 05:13 1943

Ақмола облыстық сотында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов «Қалпына келтіруші сот төрелігіндегі медиативтік рәсімдердің қолданылуы» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Оқыту семинарында Медиацияны дамыту орталығының, Халықаралық құқық қорғау орталығы, Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының, «Атамекен» ҰКП өкілдері, прокурорлар, қорғаушылар, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар, сақтандыру компаниялары, банк құрылымдары, сонымен қатар өз қызметінде медиацияны  қолданатын өзге де ұйымдардың өкілдері болды. Өткізілген іс-шараның мақсаты - қалпына келтіретін сот төрелігіндегі медиативтік рәсімдердің қолданылуында тәжірибелік дағдыларды жетілдіру. Семинар- тренинг қатысушылары қалпына келтіруші сот төрелігіндегі судьялар, прокурорлар, медиаторлар мен қорғаушылардың рөлін талқылады. Сондай-ақ, олар «Медиация туралы» Заңға ұсынылатын өзгерістер бойынша сот пен медиаторлардың сөз сөйлеуін, мақала шығаруын талқылап, пікір таластырды, өңірдегі медиацияны ары қарай дамытуға тілектерін білдірді.

Семинар-тренингте Ақмола облыстық сотының судьясы Роза Ертаева «Медиацияны қолданудың мәселелері», Бейсембай Сарсенов «Қылмыстық құқықтағы медиация» тақырыбында сөз сөйледі. Азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиацияны қолдану туралы Көкшетау қалалық сотының судьясы Дидар Байниязов баяндаса, Медиацияны дамыту орталығының өңірлік директоры Асқар Әміржанов Жоғарғы соттың 2017 жылғы медиация жөніндегі пилоттық жобасының қорытындылары жайында айтып берді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиал директорының орынбасары Валентина Геращенко «Бизнестегі медиация мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.

Семинарға қатысушылар әкімдерді, прокурорларды, қорғаушылар және медиаторларды белсенді жұмыс істеуге, сондай-ақ ауылдық округтар мен кенттерде халықпен жұмыс істеуге шақырып, аймақта медиация мен партисипативтік рәсімді дамыту қажеттілігі туралы пікірлерімен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға