Жаңалықтар

Медиаторлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Медиаторлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
03.03.2018 03:38 2358

Достық үйінде Алғыс айту күніне орай «Қазақстан Республикасында және кейбір шетел елдерінде медиацияны енгізу тәжірибесі» тақырыбында Жамбыл облысының медиаторлар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл іс-шараға облыстық, қалалық соттардың судьялары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі арнаулы ауданаралық соты, прокуратура, ІІД, «Нұр Отан» партиясы, өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ҚХА  медиаторларының кеңесі және БАҚ қатысты.

Кездесуге қатысушылар шетелдік тәжірибені ескере отырып, медиация институтын Батыс елдерінің тәжірибелерін дауды шешудің тиімді әдісін енгізу жолында пайдалану және дамытудың жаңа әдістерін талқылау мәселелері туралы сөз болды.

Жамбыл облысы Әділет кеңесшілерінің кеңес төрағасы - Сафонова Л.В. халықаралық тәжірибеде медиацияның көптеген модельдері бар және елге байланысты медиация нысандары мен рәсімдері әртүрлі, бірақ медиацияның негізгі қағидалары өзгеріссіз қалады.

Кездесу барысында облыстық сот судьясы Д.Н. Нұрлыбаева келісу процедураларының дамуы тұтастай алғанда қоғамдағы және Республика соттарындағы басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Қоғамдағы кикілжің мәселелерді шешудің, дауды соттан тыс реттеудің және медиацияның балама әдістерін пайдалануды кеңейту жөніндегі міндеттер «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Қазақстан халқының жоспары», «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасы мемлекеттік бағдарламасының құжаттарында белгіленеді.

Кездесуге 2017 жылғы медиация кабинетінің жұмысы туралы слайд көрсетілді.

Кеңейтілген отырыста «Медиация туралы» Заңды әзірлеу және қолдану перспективалары, өңірдегі медиация институтының қызметін күшейту және жандандыру үшін мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесудің негізгі механизмдері қаралды және ұсыныстар әзірленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға