Жаңалықтар

Медиаторлар дау-дамай, жанжалдарды реттеу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті

Медиаторлар дау-дамай, жанжалдарды реттеу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісті
14.03.2019 05:00 2818

Астананың Достық үйінде «Қоғамдық медиация институтын дамыту және ілгерілету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оның барысында қоғамдық медиаторлар түрлі салалардағы келіспеушілік жағдайларды шешу, дау-дамай, жанжалдарды реттеу жөніндегі тәжірибесімен бөлісті.

Атап айтқанда, Қарағанды медицина университетінің «Медиация» кафедрасының негізін қалаушы және лектор, кәсіби медиатор Сәуле Қабиева мен Денсаулық сақтау кадрларының дипломнан кейінгі білім беру академиясының ректоры Айгүл Муятдинова өз сөзінде жоғарғы оқу орындары және денсаулық сақтау салаларында «Медиация» пәні мен ұғымның енгізілуі оң нәтижелерін бергенін атап өтті.

Өз кезегінде Қырғыз және Өзбек этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері Шавкат Исмаилов пен Шерзод Пулатов медиацияны миграция саласында қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

№26 мектеп-гимназиясының медиатор-еріктілер тобы да құрдастарымен араласу және медиацияны мектеп қабырғасында қолданудың жаңа тәжірибесімен бөлісті. Ал «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұралы Айдашев қазіргі уақытта медиация қоғамның барлық салаларында пайдаланыла бастады және алдағы уақытта қоғамдық келісімді бірлесіп сақтау  үшін  барлық қоғамдық және кәсіби медиаторлардың жұмысын бақылауға алып, дұрыс үйлестіре білу қажет екендігін атап өтті.

Кездесу нәтижеснде Астана қаласының медиация секторынан қоғамның ең қақтығысқа бейім салалары анықталып, қоғамдық медиаторлар ішінен бұл бағыттың үйлестірушілерін тағайындау ұсынылды.

Осылайша, Әсел Сайлаубай денсаулық сақтау, білім беру, көші-қон, еңбек және отбасылық жан-жалдар, жастар саласы қақтығысқа ерекше бейім келетіндігін алға тартты, оларға арнайы сектор үйлестірушілері тағайындалды.

Сонымен қатар, Құралай Түспекованың басқаруындағы Ұлттық Дельфийлік комитетімен бірлесе отырып ерекше балалар арасында медиацияны дамыту бойынша жұмыс жасау туралы шешім қабылданды. Қоғамдық медиация институтын әрі қарай дамыту және жылжыту бағдарламасы қарастырылды. Тиісті ұсынымдар әзірленіп, этносаралық қатынастар, білім, денсаулық сақтау және т. б. салаларда  келіспеушілік жағдайларды шешу, даулар мен жан-жалдарды реттеу жөніндегі тәжірибелік шараларды іске асыруға қатысу жоспарлары пысықталды.

 

Оқи отырыңыздар:

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: АЛҒЫС АЙТУ – ТАМЫРЫ ТЕРЕҢДЕ ЖАТҚАН ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҚХА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ САНАТЫНА КІРЕТІН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН КОНСОРЦИУМ ҚҰРЫЛМАҚ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға