Мбаппе мансабын «Реал Мадридте» жалғастырады – PSG COMMUNITY
24.06.2023 08:28
Фото:
instagram.com/k.mbappe
ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппе мансабын «Реал Мадридте» жалғастырады. Бұл туралы PSG COMMUNITY Twitter-де жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Килиан Мбаппе және ПСЖ – бәрі аяқталды! Шабуылшы осы жазда «Реалға» қосылады. Эмир мен Флорентино Перес құны 250 миллион еуро (оның ішінде 50 миллион еуро бонус) болатын трансфер туралы келісімге келді, - делінген хабарламада.
Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген және ойыншының өзі бұған дейін жазғы трансферлік терезе кезінде клубтан кету туралы ойы жоғын айтқан.
Мбаппе 2017 жылдан бері Париж клубында 260 матч өткізіп, 212 гол соғып, 98 нәтижелі берді. Ол сондай-ақ өз командасының құрамында бес дүркін ел чемпионы болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

