Жаңалықтар

Мажоритарлы сайлау жүйесі қайта жанданды

Мажоритарлы сайлау жүйесі қайта жанданды
Фото: El.kz 29.08.2024 18:24 449

Осыдан екі жыл бұрын елімізде екінші рет  Ата заңға өзгерістер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткен болатын. Конститутция күніне орай, El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Конститутция енгізілген өзгерістердің бірін еске түсіріп көрді.

Референдум бойынша Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайлау туралы өзгеріс енгізілген еді. Сөйтіп, бұл жүйе 2023 жылы 19 наурызда жүзеге асты. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтті.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланды. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтті. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс берді.

Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталды. Ал сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалды. Осылайша, өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туып, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалды.

Сондай-ақ  Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетілді. Атап айтқанда, партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Оның төменгі шегі төрт есе төмендеп, 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайды. Партиялардың әр аймақтағы өкілдерінің саны кемінде 600 адам болуға тиіс еді, ал қазір 200 адамға дейін төмендеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға