Жаңалықтар

Мәжілісте жер қойнауын пайдалануға қатысты заң жобасы қаралды

Мәжілісте жер қойнауын пайдалануға қатысты заң жобасы қаралды
Фото: t.me/mazhilis_kz 13.09.2023 10:35 768

Мәжілістің жалпы отырысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутат Дүйсенбай Тұрғанов 2023 жылғы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет Басшысы Үкімет пен Парламенттің қазба ресурстарын тиімді және үнемді пайдалану, заңнаманы жақсарту және осы саладағы рәсімдерді оңайлату бойынша нақты шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қыркүйекте ел президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің ресурстарға бай елімізде ұзақ уақыт бойы маңызды геологиялық жаңалықтар болмағанын айтты. Ұсынылған заң жобасын Парламент депутаттары заң шығару бастамасы тәртібімен әзірледі, – дейді депутат.

Заң жобасы мына мәселелерге бағытталған. Атап өтсек, көмірсутектерді геологиялық барлау және өндіру саласындағы жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру, базалық жобалау құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізу рәсімдерін оңтайландыру, кен орындарын әзірлеу процесінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаржылық және әкімшілік шығындарын азайту.

Заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді, сонымен қатар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің реттеуші шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді, - дейді депутат Дүйсенбай Тұрғанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға