Жаңалықтар

Мәжілісте бірқатар заң жобасы қаралды

Мәжілісте бірқатар заң жобасы қаралды
Фото: parlam.kz 20.09.2023 15:35 1220

Мәжілістің жалпы отырысында бірнеше заң жобасы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап өтсек, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы негізгі мақсаттары кәмелетке толған кезде жиналған қаражат есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе білім алуға мүмкіндік жасау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының өскелең ұрпағын қолдау болып табылады.

Ұлттық қордан қаражатты алу бала 18 жасқа толған кезде аудару мен пайдалануға қажетті сомада және жинақталған қаражат шегінде жүргізілетін болады.

Келесі заң жобасы «Қазақстан мен Қытай үкіметі тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы». Келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Келісім тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылды көздейді.

«Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған депутат Айдос Сарым 2021 жылғы 12 қарашада Ыстамбұл қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кезекті VIII саммитінде мемлекет басшылары осы халықаралық алаңды толыққанды халықаралық ұйым Түркі мемлекеттерінің ұйымы етіп қайта құру туралы тарихи шешім қабылдағанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға