Жаңалықтар

Мәжілісте бірқатар заң жобалары қаралды

Мәжілісте бірқатар заң жобалары қаралды
Фото: © El.kz 04.10.2023 10:41 737

Мәжілісте бірқатар заң жобалары қаралды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Мәжіліс депутаттары ҚР «Бюджет кодексінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде» және «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және «Концессиялар туралы» ҚР Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде талқылады.

Аталған заң жобалары мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру аясында дайындалды. Бұл заң жобалары неғұрлым ашық және тиімді бюджет жүйесін құруға, бюджет процесін нақтылауға, рәсімдерін ретке келтіруге бағытталған. Сонымен қатар жаңа бюджет кодекс нормалары мен ережелерін салалық заңдармен сәйкестендіруді көздейді. Бюджет кодексінің жобасы 174 баптан тұрады. Ілеспе заң жобасы 3 кодекске және қолданыстағы 21 заңға өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді көздейді. Қаржыны бюджет комитеті осы заң жобаларын жұмысқа алуға және олар бойынша қорытындыларды әзірлеуге дайын, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Мәди Тәкиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға