Жаңалықтар

Мәжілісмен «Бір болайық» бағдарламасын жабуды ұсынды

Мәжілісмен «Бір болайық» бағдарламасын жабуды ұсынды
Фото: parlam.kz 13.09.2023 10:52 14193

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев «Қалаулым», «Бір болайық» секілді ток-шоуларды жабу керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутат мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтан: «Қалаулым» деген бағдарлама бар еді, неше түрлі бейәдеп сөздер айтылатын. «31 арнада» «Бір болайық» деген бағдарлама шыққан. Осылардың бізге қаншалықты қажеті бар?» деп сұрады. 

Бұл жерде мәселе кішкене күрделі. Бізде өлшемдер бар, оларды шетелдік компаниялар өткізеді. Сол шетелдік компаниялар өлшемдерді өткізгенде, осындай бағдарламалардың рейтингін жоғары қояды. Көпшіліктің қызығушылығын оятады. Бірақ біз қолға алдық. Келесі жылдан бастап мұндай бағдарламалар мемлекеттік ақшаға ғана емес, жеке қаржыға түсірілсе де, ең алдымен редакциялық сараптама өткізіледі, - деді Ысқақов.

@mediakz2 #Депутат #мажилис #Астана #маңғыстау #ақтау #қазақстан🇰🇿 #халықдепутаты ♬ оригинальный звук - Media

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға