Жаңалықтар

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның кезекті отырысы өтті

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның кезекті отырысы өтті
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі 27.06.2023 01:35 808

Айдос Сарым төрағалық еткен жиында депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл заң жобасының нормаларымен таныстырды. Ол құжатта мемлекеттік сатып алуды жетілдіру бойынша бірқатар шара қарастырылғанын айтты. 

Оның мәліметінше, ең бастысы – заңды қарапайым және тұтынушылар мен жеткізушілер үшін түсінікті етіп жасау, барлық процедураны қысқарту және автоматтандыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.

Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова жобаның редакциясын қайта қарау қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ қоғамды тарту сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектесетінін, сондықтан мемлекеттік сатып алу секторы қоғамдық бақылауды қажет ететінін айтты.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева да түзетулердің маңыздылығын алға тартты. 

Сіздердің пікірлеріңізді тыңдау біз үшін өте маңызды болды. Жақында аймақтарға сапарлар басталады, онда біз халықпен заң жобасын талқылайтын боламыз. Бұған дейін көшпелі іс-сапарлар барысында жергілікті әкімдіктердің қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңы жұмыс істеуге кедергі келтіретін фактілер кездескен еді. Қазірдің өзінде белгілі бір жетістіктер бар, бірақ олар мәселені түбегейлі шеше алмайды. Сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасына әлі де қол жеткіземіз деп сенемін, – деді вице-спикер Д.Еспаева.

Бір жарым айға жетпейтін уақыт ішінде біз 5 іс-шара өткіздік. Оның ішінде Алматыға сапар барысында біз ПИК пен Мүлік иелері бірлестігі мәселелерін талқыладық. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы, активтерді қайтару туралы, онлайн-платформалар туралы өте маңызды заңдар қарастырылды. Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің пікірталас алаңымыз арқылы ең өткір де өзекті мәселелер көтерілді. Көптеген ұсыныс қабылданып, қолданыстағы заңнамаға енгізілді. Жұмыс сапасы артып келеді. Барлығына белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді, – деп қорытындылады Палата төрағасы Айдос Сарым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға