Жаңалықтар

Мәжіліс спикері Қоғамдық палата мүшелерімен кездесті

Мәжіліс спикері Қоғамдық палата мүшелерімен кездесті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 30.09.2023 02:18 775

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жиын басында Палата төрағасы VIII шақырылымның бірінші сессиясындағы сарапшылардың қызметін қорытындылады.

Спикер Қоғамдық палатаның депутаттар тұрғындармен сапалы кері байланыс орнататын диалог алаңына айналып келе жатқанын айтты.

Қоғамдық палата Президенттің Мәжілістің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асырудың тиімді құралына айналды. Сіздердің отырыстарыңызда қоғамда қызу пікірталас тудырған мәселелер қаралды. Бұл - онлайн-платформалар мен жарнама, заңсыз алынған активтерді қайтару және тұрғын үй қатынастары туралы заң жобалары. Палата мүшелерінің белсенділігінің арқасында жақсы сараптамалық пікір алмасу болды. Нақты ұсыныстар әзірленіп, депутаттардың назарына алынды. Бұл талқылауды сындарлы бағытқа көшіруге мүмкіндік берді, - деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов қалыптасқан тәжірибені одан әрі жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

Алдағы сессияда депутаттар қоғам күткен бірқатар маңызды заң жобасын қарайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға