Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов демалысқа кетті
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қошановтың демалыста екендігі туралы ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі растады.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымын ақылдасу жиналысына Ерлан Қошанов қатыспады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

